Талдықорғандық домбырашылар бір тәулік бойы күй орындайды

Dombyra party - non stop акциясы барысында ж?зден аса домбырашылар 24 са?ат бойы к?й орындайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?йымдастырушыларды? айтуынша, домбырашылар марафонын ?ткізуі жоспары кездейсо? пайда бол?ан. Б?л ойды тек м?дениет саласыны? ?кілдері ?ана емес жергілікті орындаушы органдар да ?олда?ан. 

Dombyra party - non stop акциясы барысында жүзден аса домбырашылар 24 сағат бойы күй орындайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, домбырашылар марафонын өткізуі жоспары кездейсоқ пайда болған. Бұл ойды тек мәдениет саласының өкілдері ғана емес жергілікті орындаушы органдар да қолдаған. 

"Домбыра - ерекше аспап, бұл ұлттық мұра. Біз жастардың арасында домбыраға қызығушылықта арттыру мақсатында осындай бір акция өткізбекпіз. Біздің бастамамызды жүзден аса домбырашы қолдады. Сонымен қатар облыстық және қалалық әкімдік ұйымдастыру жағын өзіне алды. Бұл біздің өнерге деген көзқарасымызды көрсетеді", - деді шараны ұйымдастырушылардың бірі, блогер Данияр Жаныс. 

Реклама
Реклама

Қатысушылардың репертуарында ұлттық мотивтегі шығармалар, қазақ композиторларының шығармалары және заманауи эстрада туындылары да болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - аспапты кеңінен насихаттау. Домбырада ойнай алатын кез келген адам, қатарға тұрып күй орындай алады. 

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама