25 мамыр 2022 | 21:51

Танымал қазақстандық режиссер өмірден өтті

Фото: М.Лермонтов атындағы театр / tl.kz

Танымал қазақстандық режиссер Рубен Андриасян өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал қазақстандық режиссер Рубен Андриасян өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматыдағы Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры ұжымы Facebook-парақшасында хабарлады. Режиссер 84 жаста еді.

"Ұстазымыз, тәлімгеріміз, әріптесіміз, досымыз өмірден өтті... Театрда 60 жылдай еңбек етті. Ең алдымен, 1963 жылдан бері Қызылордадағы драма театрында еңбек жолын бастап, кейіннен Горький атындағы Қостанай драма театрында, Қарағанды облыстық драма театрында, ал Алматыда Лермонтов атындағы және Наталия Сац атындағы театрда еңбек етті. Ол театр аңызына айналған адам", - деп жазды театр ұжымы. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Рубен Андриасян 1938 жылы 31 қазанда Қабарда-Балқария АКСР Нальчик қаласында туған. Режиссер, педагог, Қазақстанның халық әртісі. 1963 жылы театр және телевизия режиссурасы бойынша Ереван мемлекеттік театр-көркемөнер институтын бітірген.

1963-65 жылдары - Қызылорда облыстық қазақ драма театрының бас режиссері.

1965-66 жылдары Қостанай облыстық орыс драма театрының, 1966-72 жылдары Қарағанды облыстық орыс драма театрының бас режиссері болып, орыс және шетел драматургиясы бойынша көптеген спектакльді сахнаға шығарды.

1972-74 жылдары - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының режиссері.

1974-1983 жылдары - Жасөспірім көрермендер театрының бас режиссері.

1983 жылдан бастап - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі.

1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясының жарық шеберлігі және режиссура кафедрасының профессоры.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Рубен Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев М.Лермонтов атындағы Орыс ұлттық драма театрының ұжымына Қазақстанның халық әртісі, театр режиссері, профессор Рубен Суренович Андриасянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Белгілі қоюшы-режиссер және білікті педагог Рубен Суренович театр өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Ол ширек ғасыр бойы М.Лермонтов атындағы драма театрды басқарып, елімізде және шет елдерде жүзден астам қойылымдарды сахналады. Рубен Суренович кісілік келбеті жоғары жан еді. Өзінің өмірлік және қызметтік ұстанымдарын жас ұрпақтың бойына сіңіре білді. Рубен Суреновичтің есімі жадымызда мәңгі сақталады", - делінген жеделхатта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная