Time журналы ең маңызды 100 суретті таңдады

Time журналы ең маңызды 100 суретті таңдады © 100photos.time.com

Time журналы тарихта?ы е? ма?ызды 100 суретті ?сын?ан 100 Photos жобасын жариялады.

Time журналы тарихтағы ең маңызды 100 суретті ұсынған 100 Photos жобасын жариялады.

Жобаның сипаттамасында суреттерді таңдауға үш жылға таяу уақыт кеткені айтылады. Қорытынды тізімді танымал фотографтар, кураторлар және тарихшылар құраған. Әрбір суретке оның сипаттамасы жазылған.

"Фотографияны маңызды деп санауға арнайы формула жоқ. Кейбір суреттер белгілі бір салада үздік болғандықтан кірді, кейбіреулері санамыздың қалыптасуына әсер еткендер. Олардың кейбірі біздің өмірімізді өзгертіп жіберді. Барлық 100 суреттің бір белгісі - әрқайсысы адамзат тәжірибесіндегі жаңа бір белес", - делінген жоба сайтында.

Реклама
Реклама

100 Photos тізіміне 1826-2015 жылдар аралығындағы суреттер кірген. Олардың ішінде ұялы телефонға түсірілгендері де, Эрнесто Че Гевараның портреті де, Түркияда суға кеткен үш жасар босқын баланың суреті де, Оскарда селфи жасаған актерлердің суреті де бар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама