15 шілде 2019 | 12:01

"Ұшатын көліктер мен реактив самокаттар". Суретшілер "Арманымдағы Қазақстан" байқауында болашақты бейнеледі

"Арманымдағы Қазақстан" байқауына суретшілердің өз отанын 20, 50 және 100 жылдан кейін қалай елестететінін көрсететін алғашқы жұмыстары түсе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Alash Media Group холдингінің бұл мәдени футуристік жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен талантты адамдарды жинады. Мақсаты - қазақ қоғамының сан қырлы әрі дамушы екенін көрсету. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Арманымдағы Қазақстан" байқауына суретшілердің өз отанын 20, 50 және 100 жылдан кейін қалай елестететінін көрсететін алғашқы жұмыстары түсе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Alash Media Group холдингінің бұл мәдени футуристік жобасы еліміздің түкпір-түкпірінен талантты адамдарды жинады. Мақсаты - қазақ қоғамының сан қырлы әрі дамушы екенін көрсету. 

Жоба қатысушы Асылжан Мұқанов Қазақстанды 100 жылдан кейін осылай елестетеді. Қазақстанның болашақта толығымен жасыл технологияға өтетініне ол кәміл сенімді. Сонымен қатар Асылжан астананың ерекше символдарының бірі "Хан Шатыр" өзгеріссіз, әсем күйінде қалатынына сенеді. 

Реклама
Реклама


"Казахстан в XXII веке". ©Арманымдағы Қазақстан.

Келесі қатысушының да ойы Асылжанның идеясымен ұқсас. Жәнібек елестететін Қазақстанның 100 жылдан кейінгі бейнесінде елорданың символдарының бірі - "Бәйтерек" салынған. Оның ойынша, болашақта қоғамдық және жеке ұшатын көліктер пайда болады. 


"Болашақ Қазақстан" ©Арманымдағы Қазақстан.

Байқаудың тағы бір қатысушысы Ғалия да болашақтағы елорданы бейнелеген. Ол өз туындысында ұшатын көліктермен қоса, реактив қозғалтқышы бар самокатты қосқан.


"Все в наших руках, нужно лишь сделать шаг". ©Арманымдағы Қазақстан.

Адия есімді қатысушы өз жұмысында еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласын бейнелеген. Ол жаңа ғимараттардан бөлек, Алматының болашағын гүлденген қала одан әрі құлпырып, жайқалатынын суреттеген. 


"Цветущее будущее". ©Арманымдағы Қазақстан.

Ал Галияның ойынша, Қазақстанның болашағы - ол сәбилер. 


"Тәж Қазақстан". ©Арманымдағы Қазақстан.

"Арманымдағы Қазақстан" байқауына 18 жастан асқан кез келген ҚР азаматы қатыса алады. Қатысуға өтінішті 2019 жылдың 18 маусымы мен 30 шілде (қоса алғанда) арасында artdream.kz сайтына жіберуге болады. Ұйымдастырушылар таңдап алған үздік жұмыстар осы порталда жарияланады. Әрбір жарияланған жұмысқа автор 20 мың теңге көлемінде ынталандыру қаражатын алады. Жобаның жалпы ережелері туралы осы жерден танысуға болады.

Атап өтейік, жұмыстар екі категория бойынша қабылданады - сандық және бейнелеу өнері, өтінішті екі категория бойынша да қалдыруға болады, алайда әр категорияға бір жұмыстан қабылданады. Жеңімпаздарды ақшалай марапаттар күтеді: бірінші орын - 300 мың теңге, екінші орын - 200 мың теңге және үшінші орын - 100 мың теңге. Жекешеленген "Интернет таңдауы" жүлдесі 1-14 тамыз аралығында онлайн дауыс беру арқылы өтеді. Байқаудың жүлдеқоры - 1,2 миллион теңге.

Жоба серіктесі - ERG компанясы. Жоба қорытындысы бойынша ең үздік жобалар ERG компаниясының кәсіпорындары жұмыс істейтін елдердің көрмесінде көпшілікке ұсынылады.

Құрметті қазақстандықтар, болашақ ұрпағымыз бақытты өмір сүретін елді өздеріңіз бейнелеп, суреттей аласыздар. Бірге армандайық!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная