Қолдан құнсыздандыру
Әр елдің сыйлатын, үйге кірсе, төр беретін тұлғалары болады. Солардың бірі - түрлі аламанда медаль алған спортшылар. Себебі олар біз сияқты өзін әлемге мойындата алмай жүрген елдің туын шет елде желбіретті. Алайда сол Олимпиада чемпиондарын, Қазақ барыстарын және өзгелерін біз 1 жылда құнсыздандырамыз және олар соған көнеді. Оның жолы былай:
- басында әкімдерге кіргізеді
- кейін патриоттық шара, жиналысқа қатыстырады
- содан ірі ТВ шоулардың қатысушысы
- соңында ұсақ, жеңіл ойын-сауық жобада ән айтқызады, доп тептіреді
- әлеуметтік желіде жеке өмірін лақ етіп елге жар салады
- көрінген сайт, блоггермен сансыз сұхбат, фотолар
- соңында нағыз "қолжетімді" қатардағы кісіге айналады
Әрине, бұл спортшыда профи промоутер, агент, кеңесші болмауының кесірі. Бірақ өздері де ойлануы керек қой, көрінгенге олжа болмай, сапалы PR-жарнама жасап, табыс табуға да болады. Құнанбайдың Абайды жайдақ суға балағаны еске түседі...