1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

"Қыз алып қашу" деген жабайы ғұрыпты жою үшін...

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ "Қыз алып қашу" деген жабайы ғұрыпты жою үшін... ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.

"Қыз алып қашу" деген жабайы ғұрыпты жою үшін әр қазақ отбасы ұлына мұның 21-ғасырда "адам ұрлау" деп аталатын ауыр қылмыс екенін ұқтыруы керек. Ал қызына осыған ұқсас қандай да бір жағдайға ұшыраса, еш қобалжымай, өрекпіген топты алдарқатып дереу үйімен хабарласуын, сосын басына отыз орамал байлап, қырық табалдырықтан аттатса да, адыраспан жағып, жолына кемпірлер көлденең жатып алса да, ондай ортағасырлық салттың заң тұрғысынан жеке бас статусын еш өзгертпейтінін ескерте беруі ләзім.

Реклама
Реклама

Дәл осы мәселеге қатысты "Ел не дейді?" деген комплекстің постсоветтік буынның бойында болмауы тиістігін түсіндіру қажет. Қыз балаға өз еркінен тыс қандай да бір алып қашу оқиғасының ортасында қалса, сол үйдегі ес-ақылы дұрыс үлкен адамдарға сабырмен ғана ынжық ұлдарының сотталып кетуі мүмкін екенін айтып, туыстарымен және заң орындарымен дереу байланысқа шығуды талап етіп тұрып алуын ұғындыру керек. Жыламай-сықтамай, қасақана сазарған түрмен.

Алып қашқан жігіттен бөлек мұндай "қолды болған қалыңдықтардың" обалына қалатындар - "өзіміз де өстіп келін боп түскенбіз" деп сөйлейтін, өз трагедиясын енді жаңа құрбанның бойынан көргісі келіп жанын жұбатуға құштар адамдар. Құрбандар санын көбейте түсетін және бір үлкен фактор - "есік көріп қойдым, басыма жаулық түсіп кетті" деп ескіше ойлайтын қыз баланың қорқынышы. Бұл қорқынышты сейілтудің жолын жоғарыда айттым. "Ел не десе, о десін! Одан махаббатымыз бір мысқал кемімейді. Жүрегіміздің төріндегі, көңіліміздің көгіндегі жұлдызымызсың. Өз тағдырыңа өзің ие тәуелсіз тұлғасың, зайырлы елдің азаматысың" деп өсіру керек қыз баланы.

Facebook желісіндегі парақшасынан