15 тамыз 2014 16:44

Ұлттық саябақтың "жоңғар" сөзімен аталуы ұлттық намысымызға тимей ме?

©Алаш айнасының иллюстрациясы

«Жер жанаты – Жетісу» және «Жер ұйығы – Жетісу» деп аталатын өлкедегі кейбір жер-су атаулары ертедегі шетел саяхатшыларының жазуы бойынша қалмақ немесе моңғол тілінде аталып, картаға түскендігі белгілі. Еліміз Тәуелсіздік алған соң мұндай жер-су атаулары өзінің ежелгі тарихи атауларына өзгертіліп, қайта қалпына келтіріліп жатыр. Мысалы, барлық энциклопедияларда, карталарда, оқулықтарда бұрынғы «Жоңғар Алатауы» – «Жетісу Алатауы» болып өзгертілген. Ал, еліміздің Жетісу өңірінің таңғажайып табиғаты бар ең көрікті алқаптағы ұлттық табиғи саябақ «жоңғар Алатауы» деп аталып кеткен. Бұл арада «Ұлттық» және «Жоңғар» деген сөздер бір-біріне мүлде үйлеспейтін ұғымдар. Жоңғар тайпасы бір кезде халқымызды Ақтабан шұбырынды етіп жібергені тарихтан белгілі гой. Сондықтан Жетісу жеріндегі әсем табиғаты бар ұлттық саябақты «жоңғар» сөзімен атауымыз ұлттық намысымызды таптағандық емес пе! Бұл туралы ұлтымыздың зиялы қауым өкілдері (ақын-жазушылар) не пікір айтар екен? Соны білгіміз келеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram