Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың зардабын жөргегінде жатып тартқандардың бірі Әлихан Байқоңыров еді.
Әлихан Байқоңыров 1923 жылы алғашқы қар жауғанда дүниеге келген. Соғысқа дейінгі жылдарда Әлихан Байқоңыров Ұлытауда (Қарсақпайда) 4 сыныптық гимназияның орыс сыныбын бітірген. Сонымен қатар, арабша сауат ашып, латын, кирилл жазуларын білген. 19 жасында, 1942 жылы 18 шілдеде майданға аттанған. Свердловск қаласында кіші командирлер даярлау мектебінде ай дайындықтан өткен. 1942 жылы 9 қыркүйекте сержант Әлихан Байқоңыров Мәскеу қаласы арқылы Калуга майданына аттанды. Брянск-Смоленск бағытында 1943 жылғы 28 ақпанға дейін майдан шебінде шайқасты. Брянск-Смоленск бағытындағы шайқас Кеңес азаматтарының есінде қалды. Бұл шайқаста Кеңес әскері әскери техника мен адам саны бойынша өте көп шығынға ұшырады. Сол шайқаста жарақат алып, аяғына снаряд жарықшасы тиген. 3 рет ота жасалса да, жарықшақты алу мүмкін болмаған. Содан кейін 1943 жылғы тамызда майданға жарамсыз болып елге қайтарылған.
Туған елге оралған соң ауылдық кеңесте, кейін аудандық атқару комитетінің бөлімдерінде қызметте болып, зейнетке шықты. Аяқта қалған оқтың жарықшағы біраз жылдан кейін сыр берді. 1988 жылы ота жасалып, аяғынан айырылған ардагер. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Әлихан Байқоңыров та лайық үлесін қосты. Қатаңдықты да, жұмсақтықты да қабағымен танытын Әлихан Байқоңыров сөздері мен жарқын бейнесі жүректе мәңгі қалады.
Әлихан Байқоңыров пен жұбайы Сақыпжамал Әбілдинова - 8 баланы тәрбиелеп, өсірген үлгілі отбасы. Сақыпжамал Әбілдинова - батыр ана, күміс алқа иегері. Балалары Жақсылыққа, Жақсыкүнге, Жақанға, Бәдіржамалға, Бақтиярға, Бақытқа, Бағдатқа, Шамшиденге қалдырған ең үлкен мұрасы - әке-анасының жақсы тәрбиесі.
Ақсақалдың ұрпақтарынан тараған 20 немере, 23 шөбере - бүгінде бір қауым ел.
2000 жылы 19 желтоқсан күні дүниеден өтті.