02 қыркүйек 2023 16:57

Аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы қайтыс болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

facebook.com/danaratanirbergen facebook.com/danaratanirbergen

Алматыда аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы, 101 жастағы Қайырлы Жоңқабаев қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның ардагері Данара Тәңірбергенқызы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы, 101 жастағы Қайырлы Жоңқабаев қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның ардагері Данара Тәңірбергенқызы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Панфиловшы Жоңқабаев Қайырлы Уатайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп жазды Данара Тәңірбергенқызы.

Қайырлы Жоңқабаев Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы ШҚО Құлынды орта мектебінде мұғалім болып бастаған.

1941 жылғы қазанда Панфилов дивизиясының 23-гвардиялық полкіне Қызыл Әскер жауынгері ретінде алынған.

8-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында пулеметші болған, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада болған, Беларусь, Польша, Эстонияны азат етуге қатысқан. 1943 жылы ақпанда қанды Ржевск шайқасында жарақат алып, жеңісті Дрезденде қарсы алған.

Соғыстан кейін Самар аудандық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1970 жылдан 1983 жылға дейін Алматыда тамақтану жүйесінде шаруашылық есеп директоры болды. 1983 жылы ол құрмет демалысына шықты. Бес бала тәрбиелеп өсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети