Тұран шағынауданында жаңадан ашылған "GraMad" супермаркеті әлеуметтік маңызға ие азық-түлікті арзандатылған бағамен сатып жатыр

Бүгін Шымкент қаласы Тұран шағынауданында "GraMad" сауда желісінің кезекті супермаркеті ашылды. Бұл аталған компанияның қаладағы 18-ші сауда нүктесі.

Бүгін Шымкент қаласы Тұран шағынауданында "GraMad" сауда желісінің кезекті супермаркеті ашылды. Бұл аталған компанияның қаладағы 18-ші сауда нүктесі.

-Шымкент қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қор азық-түлік тауарларын өндірушілер мен ірі сауда желілеріне айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген несие береді. Өз кезегінде сауда желілері әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларын келісімшарт негізінде белгіленген баға бойынша сатады. Міне, осындай келісімшартпен жұмыс істеп жатқан компаниялардың бірі — "GraMad" сауда желісі. Бүгін тұрғындар саны жедел көбейіп келе жатқан Тұран шағынауданында кезекті, 18-ші сауда нүктесі ашылды.

омпания жыл соңына дейін тағы да осындай 4 супермаркет ашуды жоспарлап отыр, — дейді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков.

Сауда орталығында әлеуметтік маңызға ие тауарлар белгіленген, яғни, арзандатылған баға бойынша сатылып жатыр. Мәселен, 1 келі күрішті - 290 теңгеге, шекерді – 460 теңгеге, бірінші сұрыпты ұнды – 170 теңгеге, пиязды - 100 теңгеге, ал, картопты 90 теңгеге алуға болады.

Tengrinews

Реклама
Реклама