12 мың бала Ұлттық қордан төленетін төлемдерді неге алмайды: Ұлттық банк басшысы түсіндірді

12 мың бала Ұлттық қордан төленетін төлемдерді неге алмайды: Ұлттық банк басшысы түсіндірді Фото:depositphotos.com

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша төлем алушылар қатарынан 12 мыңға жуық баланың шығарылғаны туралы ақпараттың қаншалықты рас екені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша төлем алушылар қатарынан 12 мыңға жуық баланың шығарылғаны туралы ақпараттың қаншалықты рас екені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін БЖЗҚ 12 мың баланың Ұлттық қордан төлем алу құқығынан айырылғанын, ал бұл қаражаттың басқа балалар арасында қайта бөлінгенін хабарлады. Балалар қосымша қанша (қаражат - ред. еск.) алды?" - деп сұрады мәжіліс кулуарында ұлттық банк басшысынан.

Тимур Сүлейменов бағдарламаға қатысуын тоқтатқан балалардың нақты санын білмейтінін айтты. Дегенмен ол Қазақстан азаматтығынан бас тартқандардың барлығына төлем берілмейтінін растады.

Реклама
Реклама

"Егер бала басқа елге қоныс аударса, азаматтығын ауыстырса және тағы басқа жағдайларда оның жеке шотындағы аударымдар жойылуы мүмкін. Бұл жолы да солай болған сияқты. Нақты қанша баланың қаражаты қайта бөлінгенін айту қиын. Бұл балалардың жүйеге қашан кіріп, қашан шыққаны белгісіз. Егер бала Қазақстан азаматтығынан бас тартып, шетелге кетсе, бұл - оның және ата-анасының шешімі. Мұндай жағдайда бұл қаражат біздің жүйеде қалып, өзге балалар арасында бөлінеді", - деді Тимур Сүлейменов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама