16 сәуір 2020 | 17:40

2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңге банкноттар қолданыстан шығады

ҚР Ұлттық банкі 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңге банкноттардың қатар айналысы кезеңінің аяқталатынын еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкі 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңге банкноттардың қатар айналысы кезеңінің аяқталатынын еске салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылғы 10 маусымға дейін қоса алғанда ескі үлгідегі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады.

Реклама
Реклама

Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет", - делінген банктің хабарламасында.

2020 жылғы 10 маусымнан кейін (кезең аяқталған соң):

- екінші деңгейдегі банктер қатар айналыс кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды;
- Ұлттық банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды дейді.

Осылайша 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңге банкноттар заңды төлем құралы болып саналмайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная