2006 жылғы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады

© lada.kz

3 ?азаннан бастап, екі аптадан кейін 2006 жыл?ы ?лгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 те?гелік банкноттар айналымнан шы?арылады, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Б?л туралы ?лтты? банкті? баспас?з ?ызметі хабарлады.

3 қазаннан бастап, екі аптадан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кез келген азамат қаржының қолданыстан алып тасталғанын күтпей-ақ, оны Ұлттық банктің барлық филиалында тегін айырбастап алуға құқылы. Айта кетейік, ескі теңгесін жаңасына ауыстырып үлгермеген жандар еш алаңдамаса болады. Қолданыстан шыққан банкноттарды азаматтар алдағы бір жыл бойы, яғни 2017 жылдың 3 қазанына дейін екінші деңгейлі банктерде айырбастай алады. Қаржыны қабылдау, айырбастау және ұсақтаудан бас тартқан банктер 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді екен.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама