06 ақпан 2020 | 13:14

2019 жылы жәбірленушілерге 1 миллиард теңге қайтарылған - Бас көлік прокуратурасы

© Тұрар Қазанғапов

1 миллиард 700 миллион теңгелік контрабандалық тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 миллиард 700 миллион теңгелік контрабандалық тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл үшін көлік прокурорлары қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау барысында ұрланған заттар мен қаражатты, сондай-ақ күдіктінің мүлкін, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы және құралдарын анықтауды қамтамасыз етеді.​

Реклама
Реклама

Осы жұмыстың нәтижесінде 2019 жылы жәбірленушілерге 1 миллиард теңгеден аса залал өтелген, оның 800 миллион теңгесі мемлекет мүддесіне қайтарылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп.

Сондай-ақ, мемлекет пайдасына 1 миллиард 700 миллион теңгенің контрабандалық тауарлары берілді.

Мысалы, 2019 жылы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары сотқа 11 тұлғаға қатысты қылмыстық істі жолдады, олар кеден қызметкерлерінің қамқорлығында болып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Біріккен Араб Әмірліктерінен аса ірі мөлшерде "темекі және шиналар" контрабандасымен айналысқан.

Аталған қылмыстық іс бойынша 31.12.2019 жылы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының айыптау үкімі шықты. 1 миллиард 400 миллион теңге тұратын контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленген.

Айта кетейік, 2018 жылы 1 шілдесі бастап "Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы" Заң нормалары қолданысқа енгізілді. Бұл соттарға жазасын алғандардан мәжбүрлі төлемдерді осы Қордың пайдасына өндіріп алу құқығын берді.

Бүгінгі күні, көліктегі істер бойынша сотпен 18,3 миллион. теңгеден астам төлем өндіріп алынды, оның 11,3 миллион теңгесі ерікті түрде, 3,6 миллион теңгесі мәжбүрлі түрде, қалған 3 миллион теңгесі орындалып жатыр.

Биыл 1 шілдеден бастап Қордан ақшалай қаражат біржолғы қаржылық өтемақы түрінде жәбірленушілерге берілетін болады. Төлем мөлшері 30-дан 50-ге дейінгі АЕК құрады.​

Өтемақы адам саудасының немесе азаптаудың құрбандарына, кәмелетке толмаған жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына, денсаулыққа ауыр зиян келтірілген адамдарға (оның ішінде ЖҚТБ вирусын жұқтырғандар), жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, заңды өкілдеріне (тізімде Қылмыстық кодекстің 46-бабы бойынша 124 қылмыс құрамы көзделген) төленетін болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная