20 қазан 2021 | 11:34

2022-2024 жылдары бюджеттен қанша ақша жұмсалады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдағы үш жылға жоспарланған республикалық бюджет шығыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдағы үш жылға жоспарланған республикалық бюджет шығыстары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылау кезінде қаржы министрінің сөзінше, республикалық бюджет шығыстары 2022 жылға 15,9 триллион теңге, 2023 жылға - 15,6 триллион теңге, 2024 жылға - 16 триллион теңге.

Әлеуметтік блок шығыстары 2022-2024 жылдары 26,7 триллион теңге болады, оның ішінде 2022 жылға - биылғымен салыстырғанда 643,2 миллиард теңгеге көп, 8,1 триллион теңге.

Реклама
Реклама

"2022 жылы бюджеттің жалпы көлеміндегі әлеуметтік шығындар үлесі 50,8 пайызға дейін артады. Шығындардың едәуір көлемі әлеуметтік қамсыздандыру мен халыққа көмек көрсетуге байланысты", - деді Жамаубаев.

Бұл ретте денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 2022-2024 жылдары 5,7 триллион теңге бөлінеді, оның ішінде 2022 жылға - 1,8 триллион теңге. Қаржы министрінің айтуынша, бұл қаражат аясында медицина қызметкерлері жалақысын көтеру қарастырылған.

Білім мен ғылым жүйесін дамытуға үш жылға 7 триллион теңге қарастырылған, оның ішінде 2022 жылға - 1,8 триллион теңге. Бұл бұрынғыға қарағанда 477,1 миллиард теңгеге көп.

Педагогтер, білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері жалақысын көтеруге 4,3 триллион теңге қарастырылған, оның ішінде 2022 жылға - 1,1 триллион теңге.

"Орта мерзімді перспективада экономиканың нақты секторын қолдау мен дамытуға арналған шығыстар 3,6 триллион теңге, оның ішінде 2022 жылға - 2 триллион теңге. Бұл бағыт аясында "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", "Бизнестің жол картасы-2025", агроөнеркәсіптік кешен және т.б. мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қаржы қарастырылған. Олар біртіндеп ұлттық жобаларға айналады.

Сондай-ақ, заң жобасын талқылау барысында бірқатар түзету енгізілді. Түзетулердің бірінші блогы Президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын қаржылай қолдауға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санатының жалақысын көтеру үшін 2022 жылға 143,4 миллиард теңге сомасында қаражат қарастырылған", - деп қосты қаржы министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная