42500 теңгені қайтару: Kaspi.kz жаңа функция неге пайда болғанын түсіндірді

Фото: Әлихан Сариев

Kaspi.kz 42 500 теңгені қайтару функциясының пайда болуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kaspi.kz 42 500 теңгені қайтару функциясының пайда болуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Kaspi.kz қосымшасын пайдаланушылар коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген қатаң шектеулер кезінде қазақстандықтар алған әлеуметтік көмекті қайтару функциясы пайда болғанын байқаған еді. Кейбір азаматтар ол ақшаны мемлекетке қайтаруға міндетті деп ойлаған.

Алайда банк клиенттерге 42 500 және 21 250 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті қайтару керегі туралы хабарлама жібермегенін атап өтті. 

Реклама
Реклама

"Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы қаражатты қайтару функциясы карантин кезінде нақты табысы бола тұра, әлеуметтік төлемді алғандар үшін жасалған. Мұндай төлемді қайтару әр азаматтың өз еркінде", - делінген хабарламада.

 Айта кетейік, Қазақстанда 42 500 теңге көлеміндегі көмекті 2 миллионнан аса қазақстандық алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама