04 желтоқсан 2018 | 11:09

500 теңгелік коллекциялық монеталар айналымға шығады

Камила Долаева Журналист

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2018 жылғы 5 желтоқсанда күмістен жасалған 500 теңгелік коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2018 жылғы 5 желтоқсанда күмістен жасалған 500 теңгелік коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Хабарламада "С. Айтбаев "Бақыт" монетасы ұлттық мәдениетіміздің байлығын танымал етуге және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі бағыттардың толық аясын (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) ашып көрсетуге арналған "Қазақстанның бейнелеу өнері" монеталар сериясын жалғастыратыны жазылған. 

Реклама
Реклама

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ • РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Логотиптің сол жағында "С. АЙТБАЕВ", оң жағында "БАҚЫТ" деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба орналасқан. Сол жағында соғылған жылын білдіретін "2018" деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925" және "31,1 g" деген жазбалар бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) "Бақыт" картинасының миниатюрасы бейнеленген, оның авторы – Қазақстанның суретшісі және Қазақ КСР еңбегі сіңген қайраткер Салихитдин Айтбаев.

Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып дайындалған. Монета шаршы пішіндес 37х37 мм.  Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1  грамм, дайындау сапасы – "proof", таралымы – 1 500 дана.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная