09 қыркүйек 2019 | 21:58

55 мыңнан аса қазақстандық МӘСҚ төлемдерін алды

2019 жылдың 8 айында 577 мың қазақстандық шамамен 129,9 миллиард теңге сомасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2019 жылдың 8 айында 577 мың қазақстандық шамамен 129,9 миллиард теңге сомасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кейбір азаматтар МӘСҚ-ден бірден бірнеше төлем түрін алатынын айта кету керек.

Реклама
Реклама

Осылайша, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлем сомасы 6,3 миллиард теңге (төлемдердің жалпы көлемінің 4,9 пайыз), еңбек қабілетінен айырылған жағдайда - 9,1 миллиард теңге (7 пайыз), жұмысынан айырылған жағдайда - 2,9 миллиард теңге (2,3 пайыз), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда - 52,1 миллиард теңге (40,1 пайыз), бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда - 59,5 миллиард теңге (45,8 пайыз) болды.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты аналарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің орташа мөлшері 416 400 теңге, ал төлем алушылардың саны - 134,7 мың адам болды.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем мөлшері 31 052 теңге болды, оны 353,8 мың қазақстандық алды.

Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша 47 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алды, оның орташа мөлшері - 22 401 теңге.

45,6 мыңнан астам қазақстандыққа асыраушысынан айрылу жағдайында төлемдер төленді, олардың орташа мөлшері - 17 578 теңге.

Тағы 82,9 мың азамат еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алды. Төлемнің орташа мөлшері 14 855 теңгені құрады. Сонымен қатар, еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша алушыларға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлемдер жүргізіледі.

2019 жылдың 8 айында МӘСҚ-на Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 5,9 миллион қатысушысы үшін жалпы сомасы 161,9 миллиард теңге әлеуметтік аударымдар келіп түсті. Төлеушілер жалпы сомасы 0,3 миллриард теңгеге әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудармағаны үшін өсімпұл аударды. Есепті кезеңде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер саны 171,4 мың адам болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная