05 наурыз 2022 | 12:34

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 525 теңгеге жетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 523-525 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 523-525 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, сағат 12.25-те Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 522-525 теңгеден сатып, 517-519 теңгеден сатып алып жатыр. Еуроны 573-578 теңгеден сатады, 566-571 теңгеден сатып алады.

Нұрс-Сұлтанда долларды сату бағамы 521-522 теңге аралығында, сатып алу - 516 теңге. Бұл жағдайда ақша алмастырғыштардың көпшілігі валюта саудасын тоқтатқан. Еуроны 570-571 теңгеден сатады, 560-564 теңгеден сатып алады.

Реклама
Реклама

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге артып, 501,64 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы - 499,20 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная