16 қаңтар 2020 | 16:53

Алматыда және Алматы облысында электр қуаты тағы қымбаттады

© РИА Новости

2020 жылдың 1 қаңтарынан Алматыда және Алматы облысында электр қуаты тарифі өсті. Тариф 4,6 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2020 жылдың 1 қаңтарынан Алматыда және Алматы облысында электр қуаты тарифі өсті. Тариф 4,6 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС өкілдері айтты. Онда тарифтің өзгеруі энергия беруші ұйымдардың шекті тарифтерінің ұлғаюымен, сондай-ақ бірнеше компаниялардың технологияға байланысты қызметтеріне тарифтердің өсуімен байланысты. "АЖК" АҚ оларды алты пайызға, ЖЭК жөніндегі ҚЕАО - 30 пайызға, "ҚТЖ" ҰК" АҚ - екі пайызға, KEGOK АҚ 12 пайызға арттырды.

Реклама
Реклама

Алматы және Алматы облысының тұтынушылары үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы және Алматы облысы бойынша департаменттері бекіткен тарифтер қолданылады.

Орташа босату тарифі немесе экономикалық негізделген тариф - сағатына киловатт үшін 19,17 теңге, бұл ҚҚС есебімен. Бұрын киловатт сағатына 18,32 теңге болған еді.

Электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын жеке тұлғалар үшін пәтерде, үйде тұрақты тұратын әрбір адамға сараланған тариф:

Бірінші деңгейдегі тариф - ҚҚС есебімен сағатына киловатт үшін 17,79 теңге, бұрын сағатына киловатт үшін 17 теңге болды; 
Екінші деңгейлі тариф - ҚҚС есебімен киловатт сағатына 23 теңге, 21,99 болды;
Үшінші деңгейлі тариф - ҚҚС есебімен сағатына 28,76 болды, 27,48 болды.

Еске салайық, соңғы рет Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифі 2019 жылы 1 қарашада өзгерген еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная