ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2019 | 20:09
"Бақылауымда болады". Тоқаев елімізде нан мен көмірдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде нан мен көмірдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде нан мен көмірдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әлеуметтік" нан бағасының өсуіне байланысты Үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдап, субсидиялауды қарастыру тапсырылды. Көмір бойынша да осындай тапсырма берілді. Көмір компанияларымен келісіп, бағаны қолдан өсіріп отырған делдалдарға жол берілмеуі тиіс. Бақылауымда болады", - деп жазды Президент Twitter желісінде.
Еске салайық, әлеуметтік нан әуелі Павлодарда, кейін Ақтөбеде қымбаттаған еді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болса Қазақстанда әлеуметтік нан бағасы өзгермейді деп уәде берген.
Алматылық наубайханалар да ұнның қымбаттағанын және астықтың тапшылығын айтып, шағымданған болатын.
Показать комментарии
Читайте также