"Бақылауымда болады". Тоқаев елімізде нан мен көмірдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді

"Бақылауымда болады". Тоқаев елімізде нан мен көмірдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде нан мен көмірдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде нан мен көмірдің қымбаттауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әлеуметтік" нан бағасының өсуіне байланысты Үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдап, субсидиялауды қарастыру тапсырылды. Көмір бойынша да осындай тапсырма берілді. Көмір компанияларымен келісіп, бағаны қолдан өсіріп отырған делдалдарға жол берілмеуі тиіс. Бақылауымда болады", - деп жазды Президент Twitter желісінде.

Еске салайық, әлеуметтік нан әуелі Павлодарда, кейін Ақтөбеде қымбаттаған еді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы болса Қазақстанда әлеуметтік нан бағасы өзгермейді деп уәде берген.  

Жарнама
Жарнама

Алматылық наубайханалар да ұнның қымбаттағанын және астықтың тапшылығын айтып, шағымданған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама