22 мамыр 2023 17:00

Банктерге рубльді Қазақстаннан шығаруға рұқсат берілмек

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстандық екінші деңгейлі банктерге елден қолма-қол Ресей рублін бір реттік экспорттауға рұқсат беру жоспарланып отыр. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында қоғамдық талқылау үшін жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

Түсіндірме жазбада ресейлік валютаны экспорттау туралы шешім оларды қолма-қол ақшадан айырбастау және шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттарды толықтыру үшін қабылданғаны атап өтілген.

Реклама
Реклама

Қаулы, егер күшіне енсе, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды болады. Бұйрықты Қаржы министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп орындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram