14 қыркүйек 2021 | 10:36

Биыл мемлекет бюджетіне 7 триллион теңгеден аса кіріс түскен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке жеті триллион теңгеден аса қаржы түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың 8 айында мемлекеттік бюджетке жеті триллион теңгеден аса қаржы түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік бюджетке кіріс 7 триллион 139 миллиард теңге сомасында түсті, жоспар 105,3 пайызға орындалды. Республикалық бюджетке кіріс 4,6 триллион теңге сомасында түсті, жоспар 100,7 пайызға орындалды. Кірістер бойынша жоспар 30 миллиард теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салықтар 17 миллиард теңгеге артығымен орындалды", - деді Жамаубаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, негізгі сома ҚҚС, ПҚӨС, КТС салықтарынан түскен.

Реклама
Реклама

"Бұл ретте шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне және Теңіз кен орнында күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты шикі мұнайға ЕТЖ жоспары орындалмады. Импортқа ҚҚС бойынша жоспардың орындалмауы импорт көлемінің төмендеуіне байланысты. 2021 жылдың 7 айында үш ел былтырғымен салыстырғанда 6,7 пайызға немесе 875 миллион долларға, оның ішінде 2021 жылдың шілдесінде 26 пайызға немесе 645 миллион долларға өсті", - деп қосты министр.

Салыққа жатпайтын түсімдер бойынша жоспарды асыра орындау негізінен мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар мен өндіріп алулар есебінен орындалған.

"Жергілікті бюджеттердің кірістері 115 пайызға орындалып, 2 триллион 547 миллиард теңге болды. Жоспар 332 миллиард теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салық бойынша - 280 миллиард теңге. Барлық өңірде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды", - деп түйіндеді Қаржы министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram