ПОДЕЛИТЬСЯ
04 желтоқсан 2019 | 19:00
БЖЗҚ салымшылары шотына қатысты мәліметтерді бірнеше тәсілмен ала алатын болды
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жеке зейнетақы шоттарының саны он миллион бірліктен асты. Әрине, әрбір салымшы өзінің зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алғысы келеді және Қор бұл үшін бірнеше тәсіл ұсынады. Енді солардың қайсысын таңдауға болады?
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) жеке зейнетақы шоттарының саны он миллион бірліктен асты. Әрине, әрбір салымшы өзінің зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алғысы келеді және Қор бұл үшін бірнеше тәсіл ұсынады. Енді солардың қайсысын таңдауға болады?
Зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу - бұл зейнетақы заңнамасында белгіленген құқық және оны әрбір азамат пайдалана алады. Ақпарат алудың ең көне тәсілдерінің бірі - бұл әрине, дәстүрлі пошта байланысы. Бұл жағдайда үзінді көшірме әр жылдың басында бір рет жіберіледі. Егер Сіз мекенжайыңызды өзгертетін болсаңыз, онда бұл жөнінде БЖЗҚ кеңсесіне арнайы келіп ескертуіңіз қажет. Ал егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦҚ) бар болса, Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы жеке деректемелеріңізді өз бетіңізбен өзгерте аласыз. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның Қазақстан бойынша 215 кеңсесінің біріне келіп, мамандардың көмегімен зейнетақы шотыңыз бойынша үзінді көшіре алуыңызға болады. Алайда қазіргі кезде салымшылардың көпшілігі ақпарат алудың танымал және жылдам тәсілін таңдайды. Мысалы, зейнетақы шоты бойынша ақпаратты электрондық поштаға ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алып тұруға болады. Ал интернет-байланысы тәсілі бұдан да ыңғайлы. Қор сайтында бір тіркеліп алған соң, Жеке кабинет немесе Қордың ENPF мобильді қосымшасы арқылы өз шотыңызды қалаған уақытыңызда бақылай аласыз. Яғни, смартфоныңыз немесе планшетіңіз арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені, зейнетақы активтерінің ағымдағы көрсеткіштерін, шарттардың деректемелерін және басқа да көптеген мәліметтерді жылдам алуға болады.
Ұялы қосымшада тіркелудің екі әдісі бар. Олар: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және ЭЦҚ арқылы авторлану. ЖСН логин ретінде Қордың деректер базасында тіркелген болуы керек. Таяуда Қордың ENPF ұялы қосымшасына жаңа - Push-хабарлама қызметі енгізілді. Оны пайдалану үшін мобильді қосымшаны ашып, "Баптау" бөліміне кірген соң, (push-хабарламаны қосу/өшіру) осы қызметті іске қоссаңыз болды. Сонда зейнетақы шотыңызға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары келіп түскен сәтте, экранда бұл туралы қысқаша хабарлама пайда болады.
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мобильді қосымшаны дамытып қана қоймай, танымал мессенджерлерге әр түрлі жаңа атқарымдар енгізіп жатыр.
Мысалы, Telegram жүйесіқажетті ақпаратты алуға, қысқаша үзінді көшірмені электрондық поштаға жіберуге, Жеке кабинеттің паролін қалпына келтіруге, Қор жаңалықтарымен танысуға және оның бөлімшелерінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді.
Зейнетақы шотының жай-күйін Қор сайты, мобильді қосымша және бот арқылы білу үшін Сізде шоттан ақпарат алу тәсілі ретінде интернет байланысы тәсілі таңдалған болуы керек. Егер таңдалмаса, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың кез келген бөлімшесіне барып, қосымша келісімге қол қойсаңыз жеткілікті. Кейін логин мен құпия сөздің көмегімен Қор сайты арқылы авторланып, шоттың жай-күйін біле аласыз. Бүгінде логин ретінде ЖСН қолданылатындығын тағы да еске саламыз. Егер ЭЦҚ бар болса, ақпарат алу тәсілін Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы өзгертуге болады.
2019 жылдың тоғыз айы ішінде электрондық арналар арқылы зейнетақы қызметін көрсету аясында 11,7 миллион операция жүзеге асырылған. Осылайша электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілген операциялардың үлес салмағы жыл басынан бері жүзеге асырылған барлық операциялардың 80 пайызынан асты.
Қазіргі уақытта Қор электрондық қызметтердің мынадай түрлерін ұсынады:
1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу;
2) жеке деректемелерге, оның ішінде хабарлау тәсіліне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қарау;
4) ЖЗШ-дан үзінді көшірмені электрондық мекенжайға жіберу;
5) ЖЗШ бар болуы туралы анықтама алу;
6) ЖЗШ ашу туралы өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа редакциядағы шартты («телнұсқа») алу;
7) I немесе II топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу туралы өтініш беру;
8) төлемдер және (немесе) қоныс аудару жөніндегі өтініштердің мәртебесін, яғни орындалу барысын қадағалау.
Бұл қызметтерді БЖЗҚ сайтының Жеке кабинетінде алуға болады. Ал оған кіру үшін логин (логин ретінде ЖСН қолданылады) және құпия сөз немесе ЭЦҚ қажет.
Тағы да еске саламыз, бұл қызметтерді алу үшін Сіз шоттан ақпарат алу тәсілі ретінде интернет байланысы тәсілін таңдауыңыз қажет. Егер таңдамаған болсаңыз, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың кез келген бөлімшесіне барып, интернет байланысы тәсілін таңдау жөнінде қосымша келісімге қол қойыңыз керек. Кейін логин мен құпия сөздің көмегімен Қор сайты арқылы авторланып, әрі қарай қажетті қызметтерді пайдалануға болады. Егер ЭЦҚ бар болса, Қор кеңсесіне келмей-ақ ақпарат алу тәсілін Қор сайтының Жеке кабинеті арқылы өзгерте аласыз.
Показать комментарии
Читайте также