15 қаңтар 2021 | 11:36

БЖЗҚ салымшыларының комиссиялық сыйақысын төмендетті

Қазақстанда БЖЗҚ салымшыларының комиссиялық сыйақысы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда БЖЗҚ салымшыларының комиссиялық сыйақысы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Реклама
Реклама

"Бұл өзгерістер салымшылар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға аудара алатын БЖЗҚ, Қазақстан Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар арасындағы комиссиялық сыйақыны бөлуді, сондай-ақ оның шекті мөлшерлер деңгейін төмендетуді көздейді.

Қабылданған түзетулерге сәйкес, БЖЗҚ үшін тек зейнетақы активтерінен комиссия құрылады. Сонымен бірге, көрсетілген комиссиялық сыйақының шекті мөлшері 60 пайызға - зейнетақы активтерінен айына 0,025 пайыздан 0,01 пайызға дейін төмендетілді", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Қазақстан Ұлттық банкінің ұсынысымен оның комиссиялық сыйақының шекті мөлшері инвестициялық кірістің 73 пайызы - 7,5 пайыздан 2,0 пайызға дейін төмендетілді.

Банк мәліметінше, егер бұрын БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссия алған болса, онда жаңа талаптарға сәйкес сыйақы тікелей инвестициялық портфельді басқарушыға түседі. Бұл салымшыға инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысын бақылауға мүмкіндік беріп, өзіне тиімді шарттарды таңдауға жағдай жасайды.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай пайдалануға болатынын түсіндірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная