Бюджет қаражатын игермеген министрліктер аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатының көп көлемі игерілмеген министрліктерді атады. Олар - денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатының көп көлемі игерілмеген министрліктерді атады. Олар - денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Жамаубаев республикалық бюджет бойынша төрт триллион теңгеге жуық шығын жұмсалғанын айтты.

"Орындалмаған қаржы 20 миллиард теңге, оның 5 миллиард теңгесі - үнемдеу. 15 миллиард теңге игерілмеді. Қаржы игерілмеудің ең көп көлемі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде", - деді ол.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, бюджетті игермеудің негізгі себептері: шарттар жасасудың ұзақ мерзімді рәсімдері, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шоттарды кеш ұсыну, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар, қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная