Доллар бағамы 277,05 теңгеге жетті

Доллар бағамы 277,05 теңгеге жетті © Тұрар Қазанғапов

15 қазан күнгі таңғы сессияда доллар бағамы 277,05 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кеше, 14 қазан күнгі кешкі сессияда бағам 276,66 теңге болған еді.

Алғашқы сауда 277,1 теңгемен жүргізілді. Ең төмен баға - 276,95, ал ең жоғарысы 277,15 теңгеге тең болды. Сауданың жалпы көлемі 148,1 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, 9 қазанда Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді. Интервенцияның көлемі 78,1 миллион долларға тең болды. Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 7 қазанда Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама