Доллар бағамы 331 теңгеден асты

© Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 331,33 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы көрсеткішпен бүгінгі сауда аяқталды.

Күндізгі сессия кезінде алғашқы келісім 330,1 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға - 333,9 теңге. Сауда көлемі 345,45 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Kurs.kz мәліметі бойынша, доллар 330-333,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске сала кетейік, таңғы сессияда доллар 322,47 теңгеге тең болған еді. Ол кезде қазақстандық ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта 325-330 теңге аралығында саудаланды. Бір күн ішінде доллар бағамы осылайша екі рет тарихи антирекорд орнатып отыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама