Доллар бағамы 337,8 теңгеге дейін көтерілді

© Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 15 желтоқсанындағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 337,8 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 333 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға - 338,64 теңге. Сада көлемі 127,25 миллион доллардан асты. Алдыңғы саудаға қарағанда доллар шамамен 2 пайызға қымбаттады.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсанда KASE күндізгі сессиясы 331,33 теңгемен жабылған еді. Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындары долларды 337-340 теңге аралығында саудалады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама