Доллар бағамы өсе бастады

© Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі саудасында доллар бағамы 373,21 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша ұлттық валюта таңғы сессияға қарағанда 1 теңгеге құнсызданып отыр.

Күндізгі сессияда алғашқы сауда 370,5 теңгемен басталды. Саудада ең төменгі келісім 370 теңгемен, жоғарысы 378 теңгемен жасалды. Сессияда сауда көлемі 57,85 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары долларды 376-378,5 теңгеден сатып жатыр.

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 14.25-те Brent маркалы мұнайдың баррель бағасы 31,89 доллар болды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news4
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама