Доллар бағамы тағы көтерілді

© Тұрар Қазанғапов

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 309,12 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сауда мәліметтеріне сілтеме жасап.

Саудада ең төменгі баға - 308,5 теңге, ең жоғарысы 309,4 теңге болды. Таңғы сауда көлемі 52  миллион доллардан асты. Kurs.kz мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 310,5-311 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда күндізгі сессия кезінде доллар бағамы 308,19 теңге болған еді. Жалпы, доллар 19 қарашадан бері 307 теңгеге бағаланып келді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама