ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым 2022 | 16:27
Доллар бағамы күрт төмендеді
Доллар бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллар бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 460,95 теңге болып, бірден 9,23 теңгеге төмендеді. Доллардың 27 маусымдағы ресми бағамы 470,90 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 458,38 теңге, сатылымда - 462,89 теңге. Нұр-Cұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 456,23 теңгеден сатып алып, 460 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, күндізгі саудада рубльдің орташа бағамы 8,66 теңге болып, 0,19 теңгеге төмендеді. Ал рубльдің 27 маусымдағы ресми бағамы 8,83 теңге болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также