Доллар бағамы төмендеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Доллар бағамы төмендеді Фото:elements.envato.com

Доллар бағамы тағы 10 теңгеге жуық төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,93 теңгеге төмендеп, 495,43 теңге болды. Айта кетейік, таңғы саудада доллар бағамы 501,49 теңгеге тең болды.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 491,08 теңге, ал сатылым - 496,43 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 490,50 теңгеден сатып алады, 496,10 теңгеден сатады.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама