ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2022 | 15:43
Доллар бағамы төмендеді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,92 теңгеге төмендеп, 462,91 теңгеге тең болды. Айта кетейік, 5 сәуірдегі доллардың ресми бағамы - 472,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 462,35 теңге, ал сатылым - 467,13 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 462,17 теңгеден сатып алады, 467,11 теңгеден сатады.
Айта кетейік, бұған дейін KASE сағат 11.00-де доллар бағамын жариялауды тоқтататынын хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также