Доллар қайта қымбаттай бастады

© Тұрар Қазанғапов

13 қазан күні KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 275,47 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауданың жалпы көлемі 52,8 миллион доллардан асты. Оған валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, 9 қазанда Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді. Интервенцияның көлемі 78,1 миллион долларға тең болды.

Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті. Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Сарапшылар Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталады деп болжады.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 7 қазанда Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news6
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама