09 наурыз 2022 15:39

Доллардың ресми бағамы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Доллар бағамы саудада 510 теңге деңгейіне көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Доллар бағамы саудада 510 теңге деңгейіне көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 6,21 теңгеге көтеріліп, 510 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, 6-9 наурыздағы доллардың ресми бағамы 503,30 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы - 511,5 теңге, сату - 517,5 теңге.

Реклама
Реклама

Бұған дейін 9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram