ПОДЕЛИТЬСЯ
12 желтоқсан 2019 | 10:26
ЕҚҚДБ-ның Қазақстанға құйған инвестициялар көлемі 9 миллиард доллардан асты
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Лондон қаласына жұмыс сапары аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Лондон қаласына жұмыс сапары аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстаннның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастыққа зор көңіл бөледі. Өткен 27 жылда ЕҚҚДБ-ның Қазақстанға инвестициялар көлемі 260-тан астам жобада 9 миллиард доллардан асты", - деді Үкімет басшысы.
Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі мен ЕҚҚДБ арасында Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың Кешенді бағдарламасын іске асыру жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
"Қазақстанда 2020-2024 жылдарға арналған денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа көпсалалы ауруханалар салынады. Біз ЕҚҚДБ-ның денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысуын қолдаймыз», - сказал Асқар Мамин.
Өз тарапынан, ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабарти ҚР денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын қаржыландыруға қызығушылық білдірді.
Үкімет басшысы ЕҚҚДБ-ның Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ірі жобаны - Үлкен Алматы автомобиль айналма жолын (ҮАААЖ) іске асыруға қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Тараптар Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, жаңартылатын энергия көздері және т.б. салаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Показать комментарии
Читайте также