ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2019 | 09:55
Елімізде көкөністер арзандады
Елімізде көкөністер арзандады. Олардың ішінде картоп 21,3 пайызға, сәбіз 18,8 пайызға және пияз 16 пайызға арзандаған, ал бірақ қызылша бір айда 3,1 пайызға қымбаттап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Мамандардың зерттеуіне қарағанда, орамжапырақ та айтарлықтай арзандаған - 50,6 пайызға. Сондай-ақ, қызанақ пен қиярдың бағасы бір айда 29,5 және 28,1 пайызға төмендегені айтылады.
"Бірақ шілдеде құс фермаларының өнімдері қымбаттап кетті. Тауық еті бір айда 2,4 пайызға қымбаттады. Ал жұмыртқа, керісінше, 6,3 пайызға арзандады. Осылайша сүт өнімдері бір айда тек 1 пайызға қымбаттап отыр", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.
Макарон өнімдерінің бағасы да көп болса 1 пайызға өзгерді.
Показать комментарии
Читайте также