Елімізде көкөністер арзандады

Елімізде көкөністер арзандады © Тұрар Қазанғапов

Елімізде көкөністер арзандады. Олардың ішінде картоп 21,3 пайызға, сәбіз 18,8 пайызға және пияз 16 пайызға арзандаған, ал бірақ қызылша бір айда 3,1 пайызға қымбаттап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Мамандардың зерттеуіне қарағанда, орамжапырақ та айтарлықтай арзандаған - 50,6 пайызға. Сондай-ақ, қызанақ пен қиярдың бағасы бір айда 29,5 және 28,1 пайызға төмендегені айтылады.

Жарнама
Жарнама

"Бірақ шілдеде құс фермаларының өнімдері қымбаттап кетті. Тауық еті бір айда 2,4 пайызға қымбаттады. Ал жұмыртқа, керісінше, 6,3 пайызға арзандады. Осылайша сүт өнімдері бір айда тек 1 пайызға қымбаттап отыр", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Макарон өнімдерінің бағасы да көп болса 1 пайызға өзгерді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама