03 сәуір 2018 | 12:00

Елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу едәуір өсіп келеді

© pexels.com

Елімізде 2018 жылы қаңтар-ақпан аралығында төлеу картасымен есеп айырысу 2,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 45,3 пайызға жоғары, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде 2018 жылы қаңтар-ақпан аралығында төлеу картасымен есеп айырысу 2,5 триллион теңгеге жеткен. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 45,3 пайызға жоғары, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. 

Қолма-қол төлем жасау 28,1 пайызға өскен, яғни 1,8 триллион теңгеге жеткен. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі 2,4 есе өсіп 522 миллиард теңгеге жетті. Соның арқасында бір жылда төлем картасымен есеп айырысу - 15,3 пайыздан 25,3 пайызға дейін өскен. 

Реклама
Реклама

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу еліміздің барлық өңірінде көбейген. Абсолют көшбасшы Алматы қаласы - 403,3 миллиард теңге (бір жылда үш есе өскен). Қазақстандағы үлесі 52,8 пайыздан 64,8 пайызға дейін өсті. 

Қаржы орталығынан кейін екінші орында Астана тұр - 55,9 миллиард теңге (бір жылда 64,6 пайызға өсті). Қазақстандағы үлесі 13,1 пайыздан 9 пайызға кеміген. 

Үздік үштікте Қарағанды облысы - 25,5 миллиард теңге (бір жылда 2,5 есе өсті). Қазақстандағы үлесі 3,9 пайыздан 4,1 пайызға өсті. 

Төлем картасы арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу интернет ресурстраы арқылы жасалады - 306,4 миллиард теңге (бір жылда 3,4 есе өскен). Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесі 34,6 пайыздан 49,3 пайызға өсті. 

POS-терминал қолма-қол ақшасыз төлемдері 2 есе өсіп, 276,3 миллиард теңгеге жеткен, алайда олардың үлесі 54,2 пайыздан 44,4 пайызға төмендеген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная