30 наурыз 2017 | 14:33

Еліміздің қай өңірінде тұрғындар ең жоғары табыс табатыны белгілі болды

© Нұрғиса Елеубеков

2016 жылдың төртінші маусымында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы - 80 741 теңге. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың төртінші маусымында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы - 80 741 теңге. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

"2016 жылдың 4 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 80741 теңгені құрады және 2015 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 10,7 пайызға өсті", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, комитет мәліметінше, осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 9,5 пайызға өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табысы 1,1 пайызға жоғарылапты.

2016 жылдың 4 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мәні Атырау облысында байқалып отыр, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,7 есеге асқандығы байқалды.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 53,0-58,9 пайыз төмен екен.

2016 жылдың 4 тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,3 есе (2015 жылғы 4 тоқсанда - 4,2 есе).


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная