Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып алуға болады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер учаскесін сатып алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов хабарлады. 

"Біржолғы зейнетақы төлемдерін тағы бір мақсатта қолдануға болады. Енді БЗТ арқылы жер учаскесін сатып алуға болады. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке үй телімі болуы керек", - дейді Ақшанов. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, 24 айдың ішінде сол жер учаскесінде үй салып, банкке растау үшін қажет құжаттарды өткізу керек. 

"Оның ішінде, пайдалануға беру актісі және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы куәлік бар", - деді Ақшанов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама