ПОДЕЛИТЬСЯ
18 желтоқсан 2019 | 09:35
Енді табысы төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді
Енді табысы төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Енді табысы төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы институтының мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушының қарыз жүктемесін есептеу тәсілі өзгереді, яғни жалақысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді.
"2017 және 2018 жылдары кепілсіз тұтынушы несиесіндегі қарыз бір жылда 31 және 28 пайыз болды. Ал биылғы көрсеткіште кепілсіз тұтынушы несиесі бойынша қарыз небәрі 8 пайыз. (...) Сондықтан қазақстандықтардың қарызға батуының алдын алып және тұтынушы несиелер санын өсіру мақсатында Ұлттық банк қажет шараларды жүзеге асырып жатыр. Осылайша, несиелеу субъектілерінің барлығы бірыңғай ереже бойынша жұмыс істеп, Ұлттық банк барлығы шартта көрсетілгендей орындалуын бақылап отырады, яғни қарыз алу туралы келісімшарттағы талаптардың орындалуы, несиелеу мөлшерлемесі, несие бюросына қажет мәліметтердің беруілуін және тағы басқа ережелердің орындалуын бақылап отырады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Ұлттық банк "кредитті ұйымдастыру комиссиясын" қайтаруға қатысты пікір білдірді
Показать комментарии
Читайте также