Ипотека ең көп берілетін қала анықталды

Алматыда ипотекалы? кредит беру к?лемі бір жылда 32 пайыздан 29 пайыз?а азай?ан, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Оларды? айтуынша, бір жылда ипотекалы? кредит беру к?лемі Астанада бірден 24 пайыз?а ?скен.

Алматыда ипотекалық кредит беру көлемі бір жылда 32 пайыздан 29 пайызға азайған, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары. Олардың айтуынша, бір жылда ипотекалық кредит беру көлемі Астанада бірден 24 пайызға өскен.

"Соңғы жылда (2016 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың сәуірінде) жалпы Қазақстан бойынша ипотекалық несиелендіру көлемі 1,0 пайызға немесе 8,4 миллиард теңгеге өсті. Ал Астанада ипотека нарығы 18,5 пайызға немесе 32,4 миллиард теңгеге ұлғайып отыр", - дейді мамандар.

Осылайша, Астанада ипотекалық кредит беру портфелі 208,0 миллиард теңге болса, Алматыда 253,9 миллиард теңге болып тұр.

Реклама
Реклама

Ипотекалық несиелендіру жөнінен көшбасшы қалалардың ішінде Маңғыстау мен Жамбыл облыстары бар. Маңғыстауда 10,2 пайызға өссе, Жамбыл облысында ипотекалық кредит беру көлемі 10,1 пайызға өскен.

Cонымен қатар, мамандар Қазақстанда бір жылда жаңа пәтердің бір шаршы метрінің бағасы 1,2 пайызға - 250 мың теңгеге төмендегенін хабарлайды. Астанада жаңа пәтер бағасы шаршы метріне 39 мың теңгеге арзандаса, Алматыда, керісінше, жаңа пәтердің шаршы метрінің бағасы 11,2 пайызға қымбаттаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама