ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2022 | 11:32
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден аса зейнетақы төленген
1 мамырдағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
1 мамырдағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы сәуірде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,4 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 163,1 миллиард теңге бөлінді.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мыңнан асты. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 193 теңге болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также