ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2019 | 16:21
Жыл басынан қазақстандықтардан қанша салық жиналды?
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 4 триллион теңге салық түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке 4 триллион теңге салық түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҚМ МКК құзырындағы мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке 102,6 пайызға, республикалық бюджетке 101 пайызға және жергілікті бюджеттерге 107,5 пайызға орындалды.
Бұл туралы бүгінгі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында белгілі болды. Алқа жұмысына аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары, ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік бюджетке 4 126,0 миллиард теңге жоспар кезінде 108 миллиард теңгеге асыра орындалып, нақты 4,234 миллиард теңге түсті, оның ішінде:
- республикалық бюджетке жоспарланған 3 094 миллиард теңге болса, 31 миллиард теңгеге асыра орындала отырып, 3 124 миллиард теңге түсті;
- жергілікті бюджетке 1 032 миллиард теңге жоспармен 1 109 миллиард теңге түсті, 77 миллиард теңгеге асыра орындалды.
Сонымен қатар, салықтық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджетке салықтар мен кедендік төлемдердің қосымша түсімдері бойынша жоспар 162 пайызға орындалды.
Жоспар бойынша 213,5 миллиард теңге болып, нақты түсім 345,8 миллиард теңгені құрады.
Жартыжылдық жоспарды орындау бойынша ең жақсы көрсеткіштерге Атырау (106,7 пайыз), Ақтөбе (105,6 пайыз) және Маңғыстау (104,9 пайыз) облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері қол жеткізді.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тиімділігі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға артқанын атап өту қажет.
Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексерулердің тиімділігі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге артты.
Показать комментарии
Читайте также