10 ақпан 2020 09:08

Канадалық кәсіпкер коронавирус салдарынан миллиардер мәртебесінен айырылды

Күртке мен сыртқы киімдер сататын Canada Goose компаниясының атқарушы директоры Дани Рейсс коронавирус салдарынан миллиардер мәртебесінен айырылды, - деп хабарлайды Forbes

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күртке мен сыртқы киімдер сататын Canada Goose компаниясының атқарушы директоры Дани Рейсс коронавирус салдарынан миллиардер мәртебесінен айырылды, - деп хабарлайды Forbes

7 ақпанда компания қаржылық жылдың үшінші тоқсаны бойынша есеп өткізген. Құжатта коронавирустың сатылымға кері әсер еткені жазылған, бұл үрдіс наурыздың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Себебі вирус салдарынан сатып алушылар азайған. 

Реклама
Реклама

Осы жаңалықтардан соң компания акциялары төрт пайызға арзандады - 33,3 доллардан 31,84 долларға. 

Дани Рейсс Canada Goose компаниясының бестен бір бөлігін иемденген, оның қаражаты 1,3 миллиард доллардан 874 миллионға дейін азайды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram