ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2022 | 15:08
Қаржы реттеуші Қазақстандағы банктердің жағдайын айтты
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы банктердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы банктердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат бойынша, Ресейге 24 ақпан мен 5 наурыз аралығында салынған санкциялар аясында еншілес ресейлік банктердің өтімділігіне қысым күшейген.
"Еншілес банктер банктік қызметтерді тұрақты режимде үздіксіз көрсету, оның ішінде клиенттердің төлемдері мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларды уақтылы орындау бойынша қажетті шаралар қабылдап жатыр. Ол үшін еншілес ресейлік банктер ақшалай өтімділікті беру түрінде олардың бас құрылымдары тарапынан қосымша қолдау алды", - делінген хабарламада.
Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп ақша-кредит саясаты құралдары шеңберінде өтімділікпен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап жатыр.
"Енгізілген санкциялардың Қазақстан банктеріне теріс әсері байқалмайды. Қазақстан банктері айырбастау бағамдарының құбылмалылығы аясында шетел валютасына жоғары сұранысты толық көлемде қамтамасыз етуде.
Қазақстан банк секторының меншікті капиталы 4,6 триллион теңге. Екінші деңгейдегі банктер өтімділігі жоғары активтердің айтарлықтай қорына ие, олар шамамен 11,6 триллион теңге немесе активтердің 31,3 пайызы. Капитал мен өтімділігі жоғары активтер қорының жоғары деңгейі банктерге қаржы нарығында туындаған күйзелістердің әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, санкциялар енгізу салдары және айырбастау бағамының құбылмалылығы Қазақстан банктерінің валюталық позициясына және валюталық өтімділігіне әсер ететіні айтылды. Бұл тәуекелдер халықтың шетел валютасын, оның ішінде банктердің валюталық активтері мен міндеттемелерінің теңгерімін бұзатын депозиттер бойынша айырбастау операциялары үшін сатып алуға жоғары сұранысына негізделген.
Айтылған тәуекелдерді теңестіру және банктердің өтімділік пен валюталық позиция бойынша пруденциялық нормативтерді орындауына олардың әсерін әлсірету үшін агенттік пруденциялық реттеу шараларын қабылдады.
Клиенттердің ақша төлемдері мен аударымдары бойынша тапсырмаларын уақтылы орындау үшін а.ж. 1 маусымға дейін мына пруденциялық нормативтерді:
1) өтімділік коэффициенттерін;
2) ішкі активтерге орналастыру коэффициентін;
3) өтімділікті өтеу коэффициентін;
4) нетто тұрақты қорландыру коэффициентін;
5) ашық валюталық позиция лимиттерін сақтаудың ерекше тәртібі енгізіледі.
"Теңгенің айырбастау бағамының өзгеруіне байланысты клиенттердің ақшалай қаражатының әкетілуімен және активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалаумен байланысты жағдайға қатыссыз мән-жайлар бойынша банктің пруденциялық нормативтерін бұзған жағдайда банкке ең аз пруденциялық нормативтерді сақтау үшін теңгелік және валюталық өтімділіктің қажетті көлемін қалыптастыру мүмкіндігі берілетін болады", - деді агенттік өкілдері.
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін шетелдік бас банктердің өз қаражаты есебінен олардың Қазақстандағы еншілес құрылымдарының өтімділігін нығайту мүмкіндігіне қолдау көрсету мақсатында елдің бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге қатысты банктің капиталдандыру нормативін орындау кезінде еншілес банктердің міндеттемелерінің есебінен бас банктерден алынған депозиттер мен кредиттер сомасы алып тасталды.
2023 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды тұлғалардың депозиттерін мерзімінен бұрын алу мүмкіндігімен қолжетімді тұрақты қорландыру есебіне қосу арқылы нетто тұрақты қорландыру коэффициентін одан әрі қатаңдату мерзімі ауыстырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также