29 қазан 2020 09:31

Kaspi.kz-тегі ақау: маман не істемеу керегін айтты

© 24.kz

Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Евгений Питолин "Хабар 24" телеарнасына Kaspi.kz-те ақау шыққан жағдайда не істеу керегін түсіндірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Евгений Питолин "Хабар 24" телеарнасына Kaspi.kz-те ақау шыққан жағдайда не істеу керегін түсіндірді.

Халықаралық антивирус компаниясының басқарушы директорының сөзінше, ең алдымен мұндай жағдайларда банк бағдарламасына немесе сайтқа қайта-қайта кіре берудің қажеті жоқ, бұл мамандарға ақауды реттеуге кедергі келтіреді. 

Реклама
Реклама

Сарапшы шабуыл жасалғаны және картадағы ақшаның жоғалып кеткені туралы хабарламаларды таратпауға да кеңес берді. Мұндай сәтте адамдарда үрей туып, интернет-алаяқтар бұл жағдайды пайдаланып кетуі мүмкін. 

Питолин Kaspi.kz-тегідей болған жағдайда қолданушылар сабыр сақтап, мамандарға жағдайды реттеуге уақыт беру керегін айтады. Оның айтуынша, мұндай техникалық ақау кез келген қаржы саласында болуы мүмкін. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram